МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙ: Түркі елі болудан неге қорқамыз?

3119
Adyrna.kz Telegram

Талағыштарға тағы бір тақырып!
Тозақта жатқан бір шермендеге біреу келіп,сені шығарып алайын ба десе,әлгі шерменде:Жоқ,керек емес!Үйреніп қалдым ,-депті. Ол неге есіме түсіп отыр?Итше таласа таласын,бірақ кейбіреулердің және Түркия түркітілді елдерді біріктірмекші,Қазақстанды да қосып алмақшы дегенқазекемдердің әлде шын,әлде жасанды қорқыныш-сымағын оқып,оларға кейбір әлде шын надан,әлде әдейі өтірік мыстан надандардың қосылып қыңсылағанын фб дан оқып отырып және соған бірталай жұртшылықтың ойланып үрейлене қарай бастағанын көріп отырып, осы жекелеген надандар мен ресейшіл,орысшыл құлмінездер ғана емес, жаппай ұлттық қөрсоқырлық жануари сана біздің миымызға мәңгілікке сіңіп ,мәңгілікке орныққан ба деп қорқамын.Әсіресе,әлгіндей қазекемдердің ойбай,Түркия Осман империясын құрмақшы деген Ресей империяшыл саясаткерлерінің сұрқиялығын қайталайтынын, енді бір қазекемдердің соларға қосылып, ойбай Түркияның құрамына кіріп кетпейік деген жалған үрейін оқығанда тозаққа түскен бір пендеге үш күннен кейін біреу келіп: тозақтан шығарып алайын ба десе,"жоқ, керегі жоқ, осында үйреніп қалдым" депті деген тәмсіл еске түседі.Иә,төрт ғасырға жуық уақыттан бері Ресейдің темір бұғауынан әлі де түгел арылып болмаған қазекемнің ұлы Түркі Жұрты құрамында болудан қорқуына қанына ,алпыс екі тамырына сіңіп кеткен құлмінездік пен құлдарға тән көнбістік те кінәлі шығар.Ал түркітілдес бауырлар бірлесейік деген Ердоған сөзін естіп,ғұмыр бойы соны армандап шерменде боп өткен Мұстафа Шоқай жатқан жерінде бір аунап түскен болар,жарықтық! 21 -ші ғасырдың ортасына кеп қалдық қой, ресейшіл,орысшыл жануари-құлмінезден арылып, түркі әлемін құруға басқа бауырларымызша біз де атсалысайық та,қазекем-ау! Тәуелсіздік алдық деп қанша жерден қойдай шуылдасақ та "білінбейтін баяу өліммен" (медленная смерть) жойылып баратқанымыздың жүздеген себептерін айтпағанда бүгінгі жас ұрпағыңның 98 пайызы шұбартіл екені және дініңді әлдебір өтірік ұлтсүйерлер бөлшектеп жатқаны-ақ көрсетіп тұрған жоқ па,қайран,қазекем -ау?!

Пікірлер