Қарт ана мен оның келінін пышақтап кеткен

2880
Adyrna.kz Telegram

Тараздағы тұрғын үйлердің бірінде қарт ананы пышақтап, келінін бауыздап кеткен, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Astana TV» арнасына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиғаны бірінші болып, үйіне келген отағасы көрген. Ол дереу полицияға хабарласып, дәрігерлерді шақыртқан. Алайда қансыраған әйелінің өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады. Ал анасы жансақтау бөлімінде жатыр.

«Ағымдағы жылдың 16-қарашасында 102 пультіне 42-жастағы ер адам хабарласып, үйінен пышақ жарақаттарын алған анасы мен жұбайын тапқаны туралы арызданған»,-деді Жамбыл облысы ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің маманы Бегман ҚҰТМЫРЗАЕВ.

Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден қолға түсіріпті. Қаскөй 40-жастағы Жамбыл облысы Пригородный ауылының тұрғыны. Ол бұған дейін де адам өлімі мен қыз зорлау дерегі бойынша сотталған. Ер адам өзіне тағылған бар айыпты мойындапты. Ол өз әрекетін дастархан басындағы ұрыс-керістен кейін болды деп түсіндірген. Қазір болған жайт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер