Әйеліне қол көтергені үшін жауапкершілікке тартылды

2531
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысының аумағында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2514 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

6 қарашада әйел адам Павлодар қаласының полицейлеріне бірге тұратын ер адамның отбасылық жанжал шығарғанын айтып, шағымданған. Көрсетілген мекенжайға келген полиция қызметкерлері отбасындағы ауызша айтыстың төбелеске ұласып, ер адамның әйелге қол жұмсағанын анықтады. Отағасының ішімдік ішкені ерлі-зайыптылардың арасындағы кикілжіңнің себебі болған.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) хаттама толтырылды. Мұндай отбасылық қақтығыстардың полицияға күн сайын түсетінін айта кету керек.

– « 2020 жылдың 10 айында Павлодар облысының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2 514 әкімшілік құқық бұзушылық жасалды»,-деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер