Аязды күндер келе жатыр

3005
Adyrna.kz Telegram

«Қазгидромет» РМК  17-19 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Орталығы Самараның үстінде орналасқан Солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізеді. Кей жерде әлі де қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады, бірақ антициклонның әсерінен түнде ауа температурасының солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендейді.

Еліміздің кей жерінде тұман, оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік бөлігінде – бұрқасын болады.

Пікірлер