Аязды күндер келе жатыр

3344
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/19f660b7ebf64226715e1cfff2464f20__2000x2000.jpg
«Қазгидромет» РМК  17-19 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Орталығы Самараның үстінде орналасқан Солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізеді. Кей жерде әлі де қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады, бірақ антициклонның әсерінен түнде ауа температурасының солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендейді. Еліміздің кей жерінде тұман, оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік бөлігінде – бұрқасын болады.
Comments