Заң университеті сараптама жасайды

2600
Adyrna.kz Telegram

М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Меморандум аясында университетте HUB алаңын құру жоспарлануда. Онда студенттер АБҚО-дан гранттық қаржыландыру алған қоғамдық ұйымдардың жобалық қызметіне атсалысатын болады. Сондай-ақ КАЗГЮУ орталыққа азаматтық қоғам мәселелері бойынша консалтингтік қызметтер көрсетеді. «АБҚО» КЕАҚ Басқарма төрайымы Батима Мукинаныңайтуынша, КАЗГЮУ - қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы алғашқы серіктес.

"Жалпы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы өз жұмысында жаңа қадам жасады. Енді үкіметтік ұйымдармен ғана емес, бизнес-қауымдастықпен, сарапшылар қауымдастығымен және түрлі халықаралық қаржы ұйымдарымен де бірігіп жұмыс істейтін боламыз. Бүгін біз алғаш рет академиялық қауымдастықпен, беделді университетпен меморандумға қол қойдық" - деп атап өтті Батима Қуанышқызы.

Бірлескен гранттық өтінімдерді даярлау және ұсыну мақсатындағы бұл серіктестігіміздің тиімді тұстары көп. Енді университет жастары да зерттеу процесіне және жаңа жобаларды жүзеге асыруға атсалысатын болады.

"Университетіміздің басты миссиясы - Отанға қызмет ету. Сондықтан  әлеуметтік салаларға қатысты жобаларды жүзеге асыруда тәжірибеміз мол. КАЗГЮУ-дің ғылым саласында жүрген студенттері де зерттеу процестеріне қатысады. АБҚО-ға азаматтық қоғам мәселелері бойынша академиялық қоғамдастықтың сараптамасын ұсынатын боламыз. Сондай-ақ біздің әріптестігіміз үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жобалары шеңберінде құқықтық, әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша өзара тиімді идеяларды іске асыратын  платформаға айналады",- деді Талғат Нәрікбаев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер