Күн суыта ма?

3148
Adyrna.kz Telegram

"Қазгидромет" мамандары 10-12 қараша күндері ауа райының нашарлайтынын мәлімдеді,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Синоптиктердің айтуынша, жауын-шашын мен желдің күшеюі сақталады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Об шығанағы аудандарынан циклон жырасы әсер етеді.

Жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс бөлігінде кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Басым бөлігінде жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер