Әзербайжан сарбазының соңғы сөзі (ВИДЕО)

4391
Adyrna.kz Telegram

Арменияның арандату соғысының 27 қыркүйектен 5 қарашаға дейінгі шабуылынан Әзербайжанның  92 бейбіт тұрғын қаза тауып, 404 адамы жараланды. Ал майданда қанша Әзербайжан жауынгерінің қаза тапқаны әзірге жарияланған жоқ. Алайда олардың әрқайсысы азаттық үшін, өз жерін басқыншылардан босату үшін шайқасып жатыр.

Әзербайжан азаматтары соңғы 30 жылда өз үйлеріне оралып, ата-бабалары жерленген жерде дұға оқуды ойлады. Бірақ бұл көпшілік үшін қазірдің өзінде арман болып отыр. Себебі үйлер мен зираттарды армян басқыншылары қиратып тастаған.

Бүгінде жас жауынгерлер ұятты қанмен жуып, 30 жыл бұрын өз жерінен кетуге мәжбүр болғандардың абыройы үшін шайқасқа барады. Солардың бірі шешуші шайқас алдында отбасымен қоштасқан 28 жастағы Шахин деген азамат.

«Жақында шешуші шайқас болады. Егер мен елге аман-есен оралсам, қазір айтқандарымды тыңдаудың қажеті жоқ.

Мен бәрінен, әсіресе әйелім Камаладан, маған бірдеңе бола қалса, жыламауды сұраймын. Мен үшін жылама!

Камала, егер біздің ұлымыз болса, оның атын менің құрметіме Шахин деп қой. Балаларға әкесінің оларды қатты жақсы көретінін айт. Сондай-ақ балаларды қатты жақсы көргендіктен, олар үшін жанын беруге әзір екенін ескерт.

Бәлкім мұның бәрін жасаудың қажеті жоқ шығар деп үміттенемін. Өйткені мен өз міндетімді орындап, үйге ораламын. Егер елге аман-есен оралмасам, онда мен өзімнің дүниеге келетін ұлым мен аға-әпкелерімнің балалары үшін өз өмірімді қиды деп ойлаңыздар. Балалар жарқын өмір сүріп, бастарын тік ұстап жүруі керек.

Міне сол үшін мен осы шешуші шайқасқа бара жатырмын.

...Біз қазірдің өзінде шабуылға дайынбыз. Енді біз телефондарды тапсырамыз...

Анашым, әке, мен сіздерді қатты жақсы көремін! Мен әрдайым сіздердің мен үшін мақтанағандарыңызды армандайтынмын!

Мен бүкіл отбасымнан, барлық туыстарымнан, жақындарымнан «әрқашан басыңды жоғары ұста, ешқашан еңкейме» деп сұраймын. Мен бұл үшін өлуге дайынмын.

Сіздердің берген тәрбие маған қашуға немесе жасырынуға жол бермейді.

Шахиннің шындық пен әділдік үшін шайқасқа бара жатқанын білгендеріңізді қалаймын. Мен жерімізді азат етемін! Сүйдім сіздерді.

Ата-анам мен отбасым мені қалай жақсы көрсе, менің әйелім мен балаларымды да солай жақсы көргенін қалаймын. Шахин әрдайым сіздердің есіңізде қалады. Сіздер маған қалай тірек болдыңыздар, дәл солай менің әйелім мен балаларыма тірек болыңыздар, сонда балаларым әкесіз өсудің не екенін білмейтін болады. Мұны сіздерден өтініп сұраймын.

Сүйдім.

Құдіреті шексіз Жаратушы сендерді қорғасын!

Мен сендерді өте қатты жақсы көремін.

Мен кеттім…»

Орыс тілінен аударып,

дайындаған Серік ЖОЛДАСБАЙ.

«Адырна» ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер