Диего Марадонаға операция жасалмақ

2668
Adyrna.kz Telegram

Әлемге әйгілі футболшы Диего Марадонаға операция жасалуы мүмкін. Даңқты футболшының миына қан құйылған деген болжам бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлем ақпараттары жазғандай, қазір ол Буэнос-Айрестегі жеке емханалардың бірінде емделуде. Футболшының көмекшісінің айтуына қарағанда, Марадона ауруханаға түспес бұрын бір апта бойы тамақ ішуден қалып, көңі-күйі болмаған.

Еске сала кетейік, атақты футболшы осыдан үш күн бұрын ғана 60 жасқа толған болатын.

Ұларбек Дәлейұлы

Сурет ашық дереккөзден

Пікірлер