Әзербайжан мен армяндардың соғыстағы тактикасы қандай?

3503
Adyrna.kz Telegram

Әзірбайжан тек қана соғыс алаңында емес, дипломатиялық майданда да жеңіске жетіп жатыр. Қалай болғанда да осы соғысқа тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр, өйткені әрмендердің үгіт-насихаты қатты дамығаны сондай, қадам басқан сайын өтірікті шындай, шынды судай етіп жеткізуге әбден машықтаныпты. Олай болуы заңды да, өйткені оқытушылары гибридтік соғыстың хас шеберлері ресейліктер ғой.

Айтқандай, Ресейдің идеологиялық тізгінін ұстап отырғандар осы әрмендер. Олар тек қана БАҚ өкілдері емес, басқа да салаларда, сарапшылар, көмекшілер, ақылшылар есебінде Ресей кеңістігін түгелге жуық жаулап алған екен. Кезінде Микоянға арқа сүйеген Мирзояндар қазақ интеллигенциясын түгелдей атып-асқанда осындай кремльдік мафияға арқа сүйегені енді белгілі болып отыр. Оған дейін ол Әзірбайжанды басқарып, онда да талайды сорлатқаны белгілі болды.

Енді әзірбайжандар Гянжы қаласын атқылағаны үшін істерін х/а сотқа дайындап жатса, Барда қаласын атқылағаны үшін де х/а сотқа беретін болыпты. ЕО, басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдерін Бардаға шақыртып, әрмендердің не істегендерін көрсетуде. Х/а Human Rights Watch ұйымы да әрмендердің бейбіт қалаларды атқылауда кассеттік бомбаларды қолданғанын қуаттапты. Ал бұл дегеніміз әскери қылмыс, Женева конвенциясын өрескел бұзу болып табылады.

Әзірбайжандардың бұл ісі өте құптарлық. Оларды қадам бастырмай әрбір ісін фотоға, видеоға түсіріп құнттап отырмаса, ертең сотта олардың қылмысын дәлелдеу мүмкін болмай қалуы мүмкін, себебі Батыс елдері түгелге жуық іштей әрмендерді қолдап отырғаны анық. Әзірбайжандардың сондай-ақ әрбір ұрыс қимылдарын, олардың ешқандай да бейбіт қалалар мен өндіріс орындарын, инфраструктураларды бомбалап жатпағанын көрсететін видеолар мен басқа да материалдарды құнттап жинақтап, хаттап жатқандары белгілі, өйткен оларды тек солай ғана жеңуге болады. Мұны біздің билік органдары да ескеріп отыруы қажет дегім келеді, кім біліпті алда қандай заман күтіп тұрғанын. Оларды тек осылайша, өз айтқандарын өздеріне мойындату арқылы ғана жеңуге болады.

Қуаныш ЕДІЛХАНТЕГІНІҢ жазбасынан.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер