Шымкентте сәйкестікті растау мекемелері 22 салыстырып тексеру жұмысын атқаруда

2550
Adyrna.kz Telegram

Осы жылдың 9 айында Шымкент қаласы прокуратурасының Қаулысы негізінде жоспардан тыс 3 тексеру, 1 бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде ҚР Сауда және интеграция министірлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бастар Есқараев мәлімдеді.

– Жүргізілген жоспардан тыс 3 тексеру нәтижесінде «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның заң бұзушылықтар негізінде сарапшы аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтатып, әкімшілік айыппұлдар салу жөнінде Қаулылар қабылданды. Сонымен қатар, заң бұзушылықтарға жол берген сарапшы-аудиторларға қатысты шара қабылдау үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне ақпараттық хат жолданды, – деді Бастар Әуелханұлы.

Спикердің сөзінше, бүгінде қалалық сәйкестікті растау саласында аккредиттелген 3 сәйкестікті растау мекемесі («Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ОҚФ, «Туран Бизнес Групп» ЖШС және «Ел-Стандарт» ЖШС) 40 сынақ, 22 салыстырып тексеру, 3 калибрлеу және 2 медициналық зертхана жұмысын атқаруда.

Айта кетейік, енгізілген мораториге қарамастан аталған Департаментке заң талаптарының сақталуына қатысты 12 жағдайда тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалауды жүргізуге рұқсат етілген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Азат Дидарбек

Пікірлер