Борат фильмінде ұлттық Байрағымыз тапталғаны рас. Сол үшін Әділет министрлігі халықаралық адвокаттарын жалдап режисерді сотқа беру керек. Бұндай шығындар бюджетте жоспарланған. Ол заңды жол.
Халықаралық сот бұл режиссерді, фильмді түсірген продакшн компаниясын үлкен айыппұлды төлеуге мәжбүрлесе, бұндай фильмдер болашақта түсірілмейді. Ал үндемей қалсақ болашақта бізді басқалар да мазақтай береді.
Абыройды қалай болса да қорғау керек.
Мұхтар Тайжанның фейсбукегі жазбасынан