Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
Комиссия отырысында қысқы кезеңге дайындық, жылыту кезеңінде улы газбен уланудың алдын алу мәселелері, сондай-ақ қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелерінің мәселелері қаралды.
Жиында сөз алған Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов қысқы кезеңге Департаменттің арнайы техникасы дайын екендігін айтты.
Сондай-ақ, қаланың су қоймаларындағы су басу қауіпі бар учаскелерді жоюға бағытталған іс-шаралар талқыланып, әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне газ дабылқаққыштарын алу және орнату мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қала әкімі коммуналдық қызмет техникасының әзірлігін тексеру жөнінде тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі