Австралиялық ғалымдар коронавирус 20 градустық температурада бір айдан астам уақыт бойы банкнот пен смартфондарда өмір сүре алады деген қорытындыға келді.
Австралиялық ауруларға дайындық орталығы мамандарының эксперименті вирусология журналында сипатталған.
Зерттеушілер коронавирустың әртүрлі температурада әр түрлі беттерде қанша уақыт өмір сүретініне қызығушылық танытты. 20 градус Цельсийде COVID-19 әйнекте, винилде, банкноттарда, соның ішінде полимер материалдарынан және тот баспайтын болатта 28 күн сақталады. Температура неғұрлым жоғары болса, вирустың «өмірі» соғұрлым қысқарады: 30 градус кезінде үш аптаға дейін, 40 градуста бірнеше күн сақталды.
Сонымен қатар, ғалымдар смартфондардың қауіптілігі туралы ескертті: өйткені олардың беттері кеуекті емес материалдардан жасалған және пайдаланушылар көбінесе оларды дұрыс өңдемейді, сондықтан олар инфекция көзі болуы мүмкін.
"Адырна" ұлттық порталы