Тұтқындағы азаматтарға 200-ден аса қазақша кітап тарту етілді

3150
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы ЛА-155/18 түзеумекемесінде оқшауланған 1000-нан астам тұтқынарасында кітап оқуға құмар адамдар жеткілікті.Олардың ішінде тіпті екі айда 15 кітап оқыптауысатындар бар. Мекемедегі кітапханадажинақталған 5000 данадан астам кітап қорыныңішінде əлем классиктерінің шығармалары да мол. Соңғы кезде тұтқындар арасында қазақəдебиетінің классиктері мен қазіргі ақын-жазушыларының шығармаларына деген сұраныста артты. Осыған орай ЛА-155/18  мекемесініңбасшылығы Алматыдағы ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық кітапханасыныңбасшылығына арнайы хат жазып, тергеуизоляторындағы кітапхана қорын қазақ тіліндегікітаптармен толықтыруды сұраған болатын.

Жақында аталған кітапхананың басшылығытергеуде жатқан тұтқынға 200-ге жуық қазақшакітапты сыйға тартты. Сондай-ақ мұндай игі іске“Реванш” қоғамдық қоры да атсалысып, өзтарапынан ақын-жазушылардың 300 кітабынмекемеге тарту етті.

«Əртүрлі қылмысқа бой алдырып, тергеуабақтысында жатқандарға жанашырлық танытқанҚазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасыныңбасшылығы мен “Реванш” қоғамдық қорынаалғыс білдіре отырып, білім бұлағы саналатынкітаптардың жазалы жандардың түзу жолғатүсуіне көмектесетініне сенімдіміз», дейдіЛА-155/18 түзеу мекемесінің бастығы Асет Жұмадиев.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті

Пікірлер