Технология үнемі үздіксіз даму үстінде. Соның арқасында бірнеше белестерді бағындырып, адам баласына оңтайлы жағдайлар мен керемет мүмкіндіктер беріп отыр. Технология мен интернеттің ұштасып, біріккендегі нәтижелері адам баласының өміріне ғана емес жалпы қоғам өміріне де айтулы өзгерістер алып келіп, біраз жетістікке жетер жолда алға қарай жетелейді.
Egov порталы да осы екі саланыңүздік жемістерінің бірі. Адамға қолайлы өмір тудырудағы осы порталдың мәні мен алатын орны да ерекше. Кезекке тұрып қиналмау үшін қазіргі таңда интернет желісі таптырмас мүмкіндіктер беріп отыр. Дәл солай Egov порталы арқылы да сіз үйден шықпай-ақ, шаруаларыңызды үйде отырып та тындыра аласыз.
Қазақстан Республикасының электронды үкіметі – азаматтар үшін құрылған, қол жетімді мемлекет. Адамдардың мұқтажы мен қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекет. Республика азаматтары мен мемлекеттің өзара қатынасын жақсартуға, ыңғайлы, әрі, қолжетімді етуге негізделген бағдарлама.
Карантиндік режим кезінде онлайн бағдарламалар көптеп қолданып, электроны үкімет бағдарламасы да елдің игілігіне қызмет етті. Содан бері тынысы кеңейіп, қолданушылар мен тіркелушілердің саны күннен күнге артуда. Болашақта бұл бағдарлама одан әрі дамып,дамыған 30 елдің қатарына жетелеуші күштердің бірі болып, өз үлесін қосады деген сенімдемін.
Электронды үкімет порталының мүмкіндіктерін қолдану үшін:
- kz порталына тіркелу
- Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу
Электронды үкіметтің көмегімен сіз:
-мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ(бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу т. б.
-коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: темір жол немесе әуебилеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т.б.
-өтініш беру және лицензия алу
-бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшінайыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушықұжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т.б.
-мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу
-электрондық цифрлы қолдаңба (ЭЦҚ) әзірлеу
E-gov порталы арқылы 2018 жылға дейін 7 жыл ішінде 200 млн қызмет көрсетілген. Қолданушылардың саны 2009 жылы 10 мың 960 болса, 2018-жылы 7 млн-ға дейін жеткен. Қазір елімізде, аймақтарға карнатин режимі енгізлген соң жаппай онлайн режимге көшкен соң тіркелушілер мен пайдаланушылардың саны тағы да артқаны белгілі.
Қазіргі таңда Қазақстанда “Электрондық Үкімет” белсенді түрде іске асырылуда және еліміз осы бағытта Азия көсбасшыларының бірі болып табылады.
Электрондық үкіметтің call-орталығының телефондары арқылы сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз: 8-800-080-7777, 1414
Және ұялы телефоныңызға Е-gov электронды қызметін жүктеп, қолдана аласыз.
“Адырна” ұлттық порталы