Атамбаевтың босатылғаннан кейінгі түскен суреті жарияланды

3780
Adyrna.kz Telegram

Facebook желісінде Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың тергеу изоляторынан босатылғаннан кейін түскен суреті пайда болды. Оны ҚДП саяси партиясының өкілі Құндыз Жолдыбаева жүктеген.

«Алмазбек Шаршенович барша халыққа жалынды сәлем жолдайды!»– деп жазды ол.

Айта кетейік, Республиканың заңнамалық органына өтпей қалған партия жақтастары Бішкекте наразылық акциясына шықққан еді. Кейін олар «Ақ үй» қақпасын жүк көлігімен бұзып, ішке кірген. Бұл наразылықтың арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер