Енді несиені үйде отырып ала бересіз

2549
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Ұлттық банкі 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді қашықтан алу үшін биометриялық сәйкестендіру сервисін пайдаланады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл сервис "бет-әлпетті тану" технологиясы арқылы қаржылық қызметті қашықтан алу мүмкіндігін көздейді. Яғни қаржы ұйымына барудың қажеті жоқ.

Клиенттерге банк шоттары мен депозиттерді ашу, төлем карточкаларын шығару, кредиттеу сияқты қызмет түрлері көрсетіледі.

"Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайдың аясында жаңа қауіп-қатерлерге жауап береді. Сервисті қаржы қоғамдастығының пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді", - деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Атап өтілгендей, аталмыш сервис банктерге, сақтандыру компанияларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына қолжетімді.

"Сервисті Ұлттық банк қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп әзірледі. Жүйе ағымдағы жылғы сәуірде пилоттық режимді іске қосылды. Осы уақыт ішінде сервис екінші деңгейдегі 11 банкке халыққа 2,8 млн банк қызметін көрсетуге мүмкіндік берді. ҚР Ұлттық банкі іске асыратын қашықтан сәйкестендіру тетігі Қазақстанның қаржы секторын цифрландыру жолындағы тағы бір қадам болып табылады. СДАО сервисіне қосылуға мүдделі болған жағдайда, қаржы нарығына қатысушылар +7-7272-50-66-26 телефоны бойынша ҚБЕО-ға өтініш бере алады", - делінген Ұлттық банк ақпаратында.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер