Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль алды

2304
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның құрама командасы информатика бойынша халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IOI 2020 нәтижелері бойынша Өскемен қаласы «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің түлегі Байболов Темірлан күміс медаль жеңіп алды.

Биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәні бойынша республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді.

Информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас программистері жиналатынын айта кеткен жөн. Аталған олимпиада күллі әлем бойынша ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер