Украина Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

2850
Adyrna.kz Telegram

Украина билігі Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы QIRIM HABER AJANSI  сайтына сілтеме жасап.

Украин билігі Әзербайжан мен Армения мемлекеттері арасында басталған соғысқа өз алаңдаушылығын білдіріп, екі елді өзара диалогқа келуге шақырды. Украин сыртқы істер министрі өз жазбасында екі мемлекеттің ортақ шешімге келіп, бейбіт келісім жасауы қажет екенін айтады.

Естеріңізге салып өтейік, Әзербайжан мен Армения елдерінің арасында Таулы Қарабаққа қатысты соғыс жағдайы енгізілгені мәлім.

 

Пікірлер