Көмір шахтасында 16 адам қаза тапты

3108
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин ауданында жергілікті энергетикалық компанияға тиесілі көмір шахтасында болған апат салдарынан 16 кенші қаза тапты. Бұл жайлы Adyrna.kz  «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Қаралы оқиға жексенбі күні, яғни, бүгін таңертең «Сунцзао» көмір шахтасында болған. Бұған дейін көміртегі тотығының шығарылуына байланысты 17 шахтер уланған. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды. 16 адам мерт болып, ауруханада медициналық көмек алған бір адам құтқарылды. Қайғылы оқиғаның себептері зерттелуде.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер