Өңірде құс тұмауы соңғы рет 8 ауылдан анықталған. Енді ол елді мекендерде карантин жарияланып, құс өнімдерін сатуға тыйым салынды.
«Құстың өлімі алдымен 6 ауданда тіркелсе, кейін тағы 5 ауданда пайда болды. Сонымен, қазір біздегі 11 ауданда құстың өлімі тіркеліп отыр. Әлбетте, бұл тіркелген аудандардағы құстың өлімі мен паталогиялық материалдары зертханаға жіберілді», - дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жүнісов.
Енді құс тұмауын таратпау үшін облысқа 510 мың вакцина жеткізілген. Екпе егу жұмысы 10 күнде аяқталады деседі мамандар. Ал ауру шыққан ауылдарда вакцина салынбайды. Оларға Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы топ барып, алдымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді, содан кейін тірі қалған құстарды да түгел өртеп жібереді.