Студенттер Арал тұрғындарына көмектесуде

4017
Adyrna.kz Telegram

Елордалық студенттер Арал теңізін 363 келі қоқыстан тазартты.  Олар балықшылардан қалған пластикалық ауларды теңіз түбінен «Зәкір мысық» деп аталатын арнайы құрылғымен алып шыққан. KAZGUU Университеті белсенді жастарының  бұл жобасы Қазақстанның  әлеуметтік кәсіпкерлер фестивалінде ерекше аталып өтілді.

 

 «Біз әлемді жақсартқымыз келеді және қазіргі экологиялық проблемаларды шешуде креативті тәсілдер ұсынып жүрміз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілегендей, елімізге волонтерлік қозғалыс керек. Арал теңізі мәселесі біздің заманымыздың ең маңызды экологиялық проблемаларының бірі. Алғашқыда Арал теңізінің тартылғанын білетін бірақ, өз көзімен көрмеген команда мүшелері болды. Бәріміз жергілікті халқымен танысып, теңізді жақыннан көргенде ерекше әсер алдық»,- деп атап өтті команда капитаны Динара Кеулімжанова.

Арал қаласының тұрғындарын қолдау мақсатында жастар тағы бір жоба ұсынған болатын. Ол үйлерді жылытуға арналған отын брикеттерінің өндірісі. Брикеттер үшін Арал теңізі маңындағы қамысты пайдаланған екен.   «Экологиялық отын түрі көмірқышқыл газын бөлмейді. Көмірмен салыстырғанда, ұзақ жанып, күлі ғана қалып қояды және бағасы да арзандау»,- дейді Динара Кеулімжанова.

 

Студенттер бұл игі істермен шектелген жоқ.  Форумдар мен конференциялардан қалған ескі баннерлерге екінші өмір сыйлап отыр. Керексіз баннерлерден Аралдық балықшылар үшін сапалы алжапқыш тігу жұмысын жолға қойды.  Нәтижесінде «Аналар үйіндегі» әйелдер жұмыспен қамтылды.

 

Enactus KAZGUU командасының кейстері БҰҰ Тұрақты даму саласындағы мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстанның Бірінші ерікті ұлттық есебіне енгізілді. Бұл есеп Нью-Йорк қаласында БҰҰ Саяси форумында тыңдалды.

 

Enactus әріптестері 550 ірі халықаралық және ұлттық компаниялар: Microsoft, PepsiСo, Cargill, HP, Bayer, Johnson & Johnson, EY, Dell, HSBC, Nestle, DHL, Pfizer, SAP және т.б.. Әріптес компаниялар Enactus-ты өздерінің бизнес-міндеттерін шешу, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын жүзеге асыру үшін пайдаланады. Enactus Директорлар кеңесіне Unilever, Coca-Cola, KPMG, Walmart, Ford, AIG, Tata-Motors, Cargill, American Greetings, Rich Products, Hershey секілді ірі компаниялардың топ-менеджерлері кіреді.

 

 М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Баспасөз қызметі

 

Пікірлер