Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 22 қыркүйекте өтетін іс-шарада компанияның соңғы жаңалықтарын жариялауға ниетті. Электромобильдер өндірушісі акцияларының құны артып, соңғы аптада Масктың өз үлесіне 13 миллиард доллар қосылған, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
8 қыркүйек күні S&P Dow Jones Indices комитеті Tesla акцияларын S&P 500 индексіне енгізуден бас тартқан кезде, олар 21 пайызға дейін күрт төмендеп, 11 қыркүйектен 18 қыркүйекке дейін лезде 19 пайызға өсті.
11 қыркүйекте Маск Twitter-де Battery day деп аталатын іс-шараны жариялады. Онда ол «көптеген қызықты нәрселерді» көрсетуге уәде берді.
Morgan Stanley-дің аналитігі Адам Джонас «миллион миль» батареясы немесе батарея өндірісіндегі үлкен дүмпу компанияның «тарихын» өзгерте алады деп болжады. Wedbush-тің аналитигі Дэниэл Айвс компанияға тиімді болуы үшін Tesla өндіріс құнын киловатт сағатына 100 доллардан төмендетуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Фото ашық дереккөзден алынды
«Адырна» ұлттық порталы