Бүгін - қазақ киносының күні

5152
Adyrna.kz Telegram

Амангелді" алғашқы қазақ фильмі саналады. Ұлы батыр Амангелді Иманов туралы фильм "Ленфильм" студиясында түсірілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ киносы одан әрі дамыды. "Ленфильм" және "Мосфильм" киностудиясы Алматыда жұмыс істей бастады. 1941 жылы картина түсірумен көркем және деректі фильмдер студиясы айналысты. Кейінірек ол "Қазақфильм" деп өзгертілді. Қазақстандық кинематографистер одағының басшысы Бауыржан Нөгербеков 2005 жылы 12 қыркүйекті "Қазақ киносы күні" деп атауды ұсынды.
“Амангелді" фильмі 1938 жылы экранға шықты. Сценарий авторлары: Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Всеволод Иванов, қоюшы режиссеры: Мойсей Левин, операторы: Хечо Назарьянц.

Қазақстан тарихындағы алғашқы дыбысты фильм - Амангелдінің басты рөлін Елубай Өмірзақов сомдаған киноның шыққанына бүгін 82 жыл толып отыр.

Алғаш қазақ кинотанушысы Қабыш Сиранов 1944 жылғы мақаласында кино туралы былай деп жазған:

"1937 жылы Ленин орденді "Ленфильм" киностудиясы толықметражды "Амангелді" дыбысты фильмін жасап шығарды. Киносценарийді қазақ драматургі Ғабит Мүсірепов пен жазушы Всеволод Иванов бірігіп жазды. Картина режиссері Моисей Левин болды. Бұл фильм ұлттық кинематографияның негізін қалаған ең алғашқы киносуретіміз болып табылады".

Қазақ киносының тарихынан үлкен орын алатын - Амангелді фильмін алғашқы әрі төл туындымыз деу қате. Себебі, фильм “Ленфильм” тапсырысы бойынша, “Ленфильм” киностудияда түсірілгендіктен сол киностудияның туындысы болып есептелінеді. Сол себепті "Амангелді" - Қазақстан тақырыбындағы алғаш дыбысты көркем фильм деп есептелінуі керек.

  • "Амангелді" фильмі қазақ елі көрген ең алғаш "дыбысты" көркем фильм
  • Аталмыш фильмге қазақтың тұңғыш режиссеры Шәкен Айманов та ойнаған (эпизод)
  • Бастапқыда, 1936 жылы Ғабит Мүсірепов пен Бейімбет Майлин "Амангелді" деп аталатын пьесаға сценарий жазған. Кейіннен фильмге осы сценарий пайдаланылды.
  • Қазір бұл картина Қазақ киносының "Алтын қорына" кіреді.

 

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер