Беларусь құласа келесі кезек Ресейдікі ме?

3298
Adyrna.kz Telegram

«Егер Беларусь «құласа»,  келесі кезек  Ресейдікі», Александр Лукашенко ресейлік телеарналарға берген сұхбатында. Бұл туралы Адырна ұлттық порталы ria.ru ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Лукашенко ресейлік журналистерге айтқан сөзінде, жақында Ресейде болатын "белгілі бір саяси оқиғаларға" байланысты арқаны кеңге салмаған жөн деді.

«Білесіздер ме, біз ресейлік басшылармен бірге қандай уәжге келдік? Егер бүгін Беларусь құласа, келесі кезекте Ресей болады», - деді Беларусь басшысы.

Президент наразылық ахуалының күрделілігіне ерекше назар аударды. «Егер сіздер бай Ресей мұны жеңе алады деп ойласаңыздар, онда қателесесіздер. Мен көптеген президенттермен, үлкен досыммен (оны үлкен ағам деп атаймын) Путинмен сөйлестім, мен оған ескерттім де: бұған қарсы тұруға болмайды», - деді Лукашенко.

Естеріңізге сала кетейік, Беларуссияда опозицияның жаппай наразылық акциялары осыдан тура бір ай бұрын, 9 тамызда басталған еді. Оған себеп, елдегі президенттік сайлаудан кейін, Лукашенконың 80,1% дауыс жинап алтыншы рет жеңіске жетуі болды.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер