Елімізде 1 208 медицина қызметкері біржолғы әлеуметтік төлем алды

2336
Adyrna.kz Telegram

Елімізде COVID-19-бен күресуге тартылған 1 208 медицина қызметкері (ауырып қалғандар - ред.) әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Біржолғы төлем құны - 2 млн млн теңге. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 10 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды. Бұл туралы "Адырна" тілшісі Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Біржолғы төлемді  денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдерді жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

4 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1 208 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 10 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру кезінде төлеген төлемдердің ең көп саны 6 аймақта тіркелді: Нұр-Сұлтанда - 227,  Алматы қаласында - 128,  Алматы облысында - 99, Қарағанды облысында -  95  және Ақмола облысында - 94 медицина қызметкері 2 млн теңгеден алды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге  сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн. теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан,  вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн. теңге көлемінде төленеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер