Пандемия қандай келеңсіздіктердің бетін ашты?

3335
Adyrna.kz Telegram

Жаппай белең алған коронавирус індеті  қазақ қоғамын қажытып жібергені рас. «Адырна» тілшісі түрлі саладағы мамандардан коронавирустің қоғамға тигізген зияны мен пайдасы, сабақ алар тұсы туралы сұрау салып көрді.

ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ, «Зияткер-Ұстаз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

-Әрине, коронавирустен қайтыс болған адамдар еске түскенде пайдасы туралы айту күпірлік болар еді. Бірақ, пандемия әлемді ғана емес, біздің елімізді де бұрын елеусіз болған келеңсіздіктерді жарыққа шығарды. Біріншіден, адамдар қырылып жатса да, тек бас пайдасын ойлайтын адамдар баршылық екенін білдік. Ондай адамдар тіпті Гиппократ антын тапсырған медициналық тқызметкерлер арасындл да жетерлік екен.. Екіншіден, мақтаулы деген #ЦифрлыҚазақстан бағдарламасы бойынша жұмыстар толық атқарылмағанын білдік. Үшіншіден, азаматтар қырылып жатса да «Бәрі керемет» деп тұрғындарды алдайтын журналистер мен насихатшылар бар екенін білдік.. «Өткенге салауат», енді содан сабақ алу керек..

АМАНГҮЛ ӘБІШЕВА, заңгер:

-Билік өкілдерінде дайындық аз болды. Дәрі-дәрмек жоқтың қасы халық қиналды. Індеттің қоғамға пайдасы тиді дегеніміз ұяттау болар. Біраз жандардан айрылдық.

НҰРЛАН БАЙШИН, актер:

-Сақтық шараларды сақтауды, шашылып той жасауға болмайтынын,  ел азаматтарының қоғамға бей-жай қарауға болмайтынын үйретті. Ал зияны шаш етектен.

ЕРКІН ҚАЗЫБЕК, асаба

Коронавирусты сылтауратып бізді нанымыздан айырды. Сол тойдан жалғыз мен емес әншілер, фото-видео жасаушылар, бишілер, аспаздар мен даяшылар табыстарынан айрылды. Қазір жұмыссыздар саны артып отыр, енді қалай күн көрмекпіз?.

АНАР ТАСТАНБЕКОВА,  Алматы қаласы Индустриалды аймағының PR маманы:

-Өзім коронавирус инфекциясын жұқтырып алып, шілде айында шамасы 15-16 күн ауруханада болдым. Мені бірінші ГБСНП - ға (больница скорой помоши) орналастырып, содан кейін ПЦР положительный боп шыққанда, «Центр фтизопульмонологии» деген ауруханаға ауыстырды. Жалпы емдеу шаралары дұрыс болғандықтан, өз-өзімді жақсы сезініп, өз қалпыма келгендіктен мен екінші аптаның ортасында жазылып шықтым. Біздің дәрігерленрге алғысым шексіз. Тез арада барлық медициналық көмегін көрсетіп, мен секілді КОВИДпен ауырып жатқан көп адамдарды құтқарды. Әуелі пайдасын айтайын. Мысалы, отбасымен изоляцияда 1-2 ай болғанда, балалармен күні бойы үйде отырғанда, отбасымыз бірігіп, жаңа әдістер пайда болды. Бұрын оған қол тимей балаларға қарайтын уақыт та болмады. Зияны – менің таныстарым жақын туыстарым ауырып, біразы дүниеден озды. Өкінішке орай, көп аурулар қаза болып, халық арасында үлкен қайғы болды. Ковид бізге үлкен сабақ болып, талай системалардың дұрыс істемеуін (медицина, попиция, кәсіпкерлік даму, білім) саласында нақты көрсетті. Мысалы, менің көп жақындарыма ауруханаларда орын болмай, өздері ем аламыз деп коронавирус инфекциясын емдей алмай қатты қиналды. Мүмкін ауруханаларда бос орын болғанда, медиктер саны көп болған жағдайда, көп азаматтарымызды сақтай алатын едік.

Бір жамандықтың бір жақсылығы бар демекші бұл індеттен кейін еліміз жақсы жаққа өзгереріне сенейік.

                                                                              Гүлвира Асқар

                                                                             «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер