Алмат Сақатов: Саясатты ойламайтын адам - өміріндегі өзгерісті ойламайтын адам

4869
Adyrna.kz Telegram

"Бауыржан шоу" әзіл-оспақ театрының актері ретінде танылған Алмат Сақатов Youtube желісіндегі "Жылқышыбаймен" арнасына сұхбат беріп, саясат жайлы, әртістер туралы өз ойын ашық айтты.

Бұл туралы «Адырна» тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Актер сұхбат барысында саясатты ойламайтын адамдар туралы ойын ашық жеткізді.

"Саясатты ойламайтын адам - өміріндегі өзгерісті ойламайтын адам. Жақсы саясаткер бар деп айта алмаймын. Өйткені, қиын нәрсе. Орыстар "Политика - образованное проститутка", - деп айтады. Мына жақ дұрыс болса саясаткер сол жақпен дұрыс болады. Қай жақ дұрыс болады, саясаткер сол жаққа қарай ауысады", - деді Алмат Сақатов.

Пікірлер