Келер, кетер Адамзат,
Артына із қалдырмай.
Ақын деген - ардақты ат,
Өлмес бірақ ол ыңғай.
Жырлаған ізгі өмірді,
Ақыннан жазған хат қалар,
Оқып ұрпақ кейінгі
Қуанар да шаттанар.
Мысалға, ақын Абайды,
Дұрыс па достар, өлді деу
Ақ дидарын Абайдың
Топырақ мәңгі көмді деу.
Десең егер сен олай,
Жаптың жала дер едім.
Халықпен бірге тірі Абай,
Оқимын күнде өлеңін.
Еспенбет ШУАҚ,
Жамбыл облысы