Ақтөбе саудагерлері неге ашулы?

2578
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе саудагерлері  базарларға бірдей талап қойылмағанына  наразылық танытып,  орталық базарда  шу шығарды. Бұл туралы "Адырна" тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық базардың саудагерлері санитарлық дәрігерлердің қаладағы барлық базарға бірдей талап қойылмай отырғанын айтып реніштерін білдірді. Қауіпсіздік үшін тиым салынса барлық базар бірдей жабылсын деді. Саудагерлер «Алтай»,«Табыс»,«Шығыс» базарлары жұмыс жасап тұрғанын айтып, күн көрістеріміз қиындап кетті дейді.

Жазира Ахметова, саудагер: - Бізде ай сайын жауып тастайды. Кредиттеріміз бар. Жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Жәрдемақы ештеңеме жетпеді, не несиеме, не дәрілеріме. Біз тегін ештеңе сұрап жатқан жоқпыз. Өз адал еңбегімізбен күн көргіміз келеді. Бізге базарды ашсын!

Базарға жеткен қалалық бас санитар дәрігерге әйелдер дүрсе қоя берді. Шенеунік екі аптасыз сауда орны ашылмайды деп отыр.

Саудагердің "Біздің базар ашыла ма?" деген сұрағына шенеунік тарапынан "17-тамызға дейін ашлмайды" деген жауап айтылды.

Санитар мамандар соңғы рет екі аптаға созылған карантин талаптары жеңілдетілуі мүмкін деген болжамын да айтады. Ол аймақтағы эпидемиялогиялық ахуалға байланысты болмақ. Індеттің таралуы тоқтаса ғана судагерлердің талабы орындалуы мүмкін.

Саудагерлер  санитар дәрігерлердің қаладағы барлық базарға бірдей талап қоймай отырғанына ашынады. Егер қауіпсіздік үшін саудаға тыйым салынса, барлық жер жабылсын деп отыр. Ал саудагерлерді алалайтын болса, базарлар жаппай ашылсын деп ашынады.

«Алтай» базары, «Табыс», «Шығыс» істеп жатыр. Бізде неге жабық? Жиналған саудагерлер базарларды санитар мамандар алалайтын болса, дереу орталық базарды ашсын деп талап қойды. Онымен қоса, бір айдан бері табыстан қағылып, «ас-суымызды әрең тауып отырмыз» деп ашынады.

Ақтөбе қаласындағы  «Алтай» базары, «Табыс», «Шығыс» сауда орындары шынымен де жұмысын жалғастыруда. Бір айдан бері табысынан қағылып, ас-суын әрең тауып отырған тұрғындар  кімге шағынарын білмей әлек болуда.

Асқар Гүлвира, 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер