Бауыржан Момышұлы - аты аңызға айналған баһадүр батыр, ұлт мақтанышы. Ол кісінің әр айтқан сөзі - жақұт. «Адырна» ұлттық порталы атамыздың ұрпағына қалдырған нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынады.
- Ерлік - еліктеу емес. Есеппен ерлік жасалмайды. Оның дайын рецебі жоқ.
- Әркімнің өзіне-өзі ұқсағаны жақсы. Біреудің бойындағы табиғи болмысына ұқсаймын десең, ол бетперде сияқты жансыз қалқа болады.
- Мықты болсаң, мықтылығыңды әйеліне барып дәлелде! Балаларыңның анасын бақытты етіп өт. Жарыңның саған риза болып өткені-ұлы мадақ.
- Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен, тәжірибиесіздіктен қателесулер болады. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал жөн сөзге түсіне жығылып, кінәсін мойындап, қатесін түзей білу - ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.
- Маңдайы жіпсіп еңбек етпеген, нанның шынайы дәмін білмейді.
- Өз ана тілінде тілі шықпаған баланың соры қайнайды. Кейбіреулер қазақтың баласының қазақша сөйлегенін таңсық көргенде намыстанып жарыла жаздайсың. Өзге тілді білу - артықшылық, ана тілді білу - міндетің.
- Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта.
- Шындық үшін азап тартқан да - абырой.
- Егін бар жерде торғай бар. Жарық болмаса, көлеңке де болмас еді.
- Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды
Диана АСАНОВА,
«Адырна» ұлттық порталы