АҚШ пен Қытай қырғиқабақ соғысқа көшті

6237
Adyrna.kz Telegram

1. Қытай мен АҚШ-тың текетіресі жаңа фазаға көшті. АҚШ Қытай елшілерін Хьюстоннан қуып шықты, ал Қытай Чэнду қаласынан АҚШ елшілерін шығарып жіберді.

2. АҚШ күллі демократиялық елдерге Қытайға қарсы бірігуге үндеу тастады. АҚШ Мемхатшысы Майк Помпео "Коммунистік Қытай және азат әлем болашағы" атты үндеу сөзі жаңа қырғи-қабақ соғысты бастады десек болады.

3. АҚШ оңтүстік-шығыс Азия елдеріндегі Қытайдың теңіз күштерін ауыздықтау үшін жаңа құжат жасауда. Қазірдің өзінде Вьетнам мен Тайландтың балық аулауына кедергі болған Қытай әрекетін қатаң айыптап, оларды қолдайтынын ашық жеткізді.

4. АҚШ "Тайуаньның тәуелсіздігін мойындаймын" деп Бейжіңді қорқытты. Солай болса, Тайуаньмен тәуелсіз ел ретінде қатынас жасап, барлық қаруды бере алады және әскери база орнатуға құқық алады.

5. Гонконгтағы әрекетке байланысты санкция салуды бастады. Шыңжаң үшін бірқатар шенеуніктер мен компанияларға санкция салды.

6. Қытайдағы АҚШ компанияларын өзге елдерге шығарып жатыр. Әсіресе Үндістанға.

7. АҚШ Қытайдың коммунистік партиясына мүше жандар АҚШ-қа кіргізілмейтінін айтты. Олардың саны шамамен 92 млн адам.

Ары қарай не болуы мүмкін?

 

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,  “Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер