Шымкенттік кәсіпкерлер медицина ұйымдарына тағы да тарту жасады. Медициналық жабдықтар мен жиһаздардың отандық өндірушісі «Medcomfort» ЖШС-нің құрылтайшылары Каташов Дәулет пен Қарсыбаев Әділхан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өз қаражаты есебінен қаладағы бірнеше медицина ұйымдарын қажетті медициналық жабдықтармен қамтасыз етті. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы хабарлады.
Олар коронавирус инфекциясына және пневмония ауруына шалдыққан науқастарды емдейтін провизорлық станционарларға, яғни, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 1 дана «Электрокардиогроф», 5 дана «Пулькосиметр» аппараттары мен 10 дана жылжымалы бактерицидті сәулелендіру құрылғылары, 2 дана реанимацияға арналған науқастар тасымалдайтын арбалар табыс етілді.
Сондай-ақ кәсіпкерлер пневмония ауруына шалдыққан ауыр халдегі науқастарды емдейтін №2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық бөлімшелерге 200 дана медициналық керуерт табыстады.
Айта кетейік, карантин кезінде аталған серіктестіктің демеушілігімен медицина ұйымдарына барлығы 10 млн. теңгеге жуық көмек көрсетілген.
Шымкент