Мемлекеттік бағдарламалар жекелеген аудандарда қалай жүзеге асып жатыр?

3079
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі санымымызда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында атқарылған шаралармен танысатын боламыз.

Абаттандыру жұмыстары

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Осының негізінде Қандыағаш қаласындағы  Т.Байкунов көшесі №71үйдің  ауласын абаттандыруға 52 725,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бұл бастама бойынша мына шаруалар жоспарлануда:

үйдің ауласын тазартып, тегістеу;
үйлерге кіреберіс жолын, көлікті қою орнын және жаяу жүргіншілер жолын жөндеуден өткізу;
спорттық және балалар ойын алаңдары салу.

Абаттандыруға жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 адам жұмысқа тартылған.

Жол салу

Ембі қаласының З.Бралов, Есет батыр жəне Ж.Əміров көшелеріне ұзындығы 2700 метрлік жаяу жүргіншілер жолы (тротуарлар) мен дренаждық арналар салынып жатыр. Маусым айында басталған жұмыспен "KND Construction" ЖШС-і айналысуда.

Инфрақұрылым

Ембі қаласында кәріз жүйесінің суларын тазартатын биологиялық тазарту ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыру 2019 жылы басталған. Тұрмыстық суларды ағызуға жəне залалсыздандыруға арналған, жабдықтармен жарақтандырылған жер асты инженерлік жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.

Құрылыс

Қандыағаш қаласындағы "Самал" мөлтек ауданында "Регион Сервис Ақтөбе" ЖШС-інің басшылығымен сегіз пəтерлі үш жалдамалы коммуналдық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталып, ағымдағы жылдың тамыз айында Конституция күніне орай пəтерлердің кілтін табыстау жоспарлануда.

Ембі қаласының Н.Бекенбаев көшесіне көп салалы спорт алаңы салынуда. Көп салалы спорт алаңында шағын футбол және баскетбол алаңдары бой көтермек. Арнайы жарықтандырылып дайын болғаннан кейін белгілі бір мекемеге бекітіліп беріледі.  Қазіргі таңда спорт алаңына темір қоршау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарымен "Техмонтаж-Астана" ЖШС-і айналысуда.

Жөндеу жұмыстары

1. Бағдарлама аясында мектептерді күрделі жөндеуден өткізу де қарастырылған. Ембі қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінде  2019 жылы басталған жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында толық аяқталады деп күтілуде. Жөндеу жұмыстарына "Алихан-Ойл З" ЖШС-і жауапты. Құрылыс орнында  қызмет атқарып жатқан жұмысшылардың 50% аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы келген.
2. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Қандыағаш қаласындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты 500 орындық  стадион жөндеуден өтуде. "Техно С" ЖШС-інің басшылығымен жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мамыр мен қыркүйек айлары аралығына жоспарланды. Жоба бойынша жалпы көлемі 450 шаршы метр стадионда жүгіру алаңы, метал конструкциядан трибуна салынып, футбол алаңы толықтай жаңартудан өтпек. Бүгінгі таңда құрылыс басында  22 адам жұмыс жасауда. "Техно С" ЖШС-нің тарапынан 11 жұмысшы және аудандық жұмыспен қамту орталығынан 11 адам жұмысқа тартылды
3. "ГОАР" ЖШС-і Жұрын ауылындағы Батпенов көшесінің ұзындығы 1 км 700 метр болатын жолда жөндеу жұмыстарын  жүргізуде.
4. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Қандыағаш қалалық 4 жалпы білім беретін орта мектебінде "ҚазстройМагнум" ЖШС-інің жетекшілігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын  жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 43 адам тартылған. Оның ішінде 22-сі аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы алынған.
Басқа елді мекендерде де жұмыс қарқыны дәл осылай жүретін болса, мемлекеттік бағдарламалар белгіленген мақсаттарға көп ұзамай жетері еді. Кейбір  бағдарламалардың өз уақытында орындалмай жатқаны жергілікті органдардың оңтайлы жұмыс атқармауынан да болуы мүмкін.  Нәтижелі жұмысы арқылы өзге аудандарға үлгі болған Мұғалжар ауданының басшылығына қызметте табысты болуын тілейміз!
“Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер