Министрді мыңдаған халық бірінші рет қолдап отыр

6384
Adyrna.kz Telegram

Осы уақытқа дейін халықтың бір министірді осыншалық қолдағанын көрген жоқпын.

Бұл нені білдіреді?
Бүгінге дейінгі 13 министірдің білім саласының "ботқасын шығарған" реформаларынан кейін, білім саласын аяққа тұрғызып елдің үмітін қайта оята бастаған шақта.....
Құдайға шүкір! Бағалай білетін халқымыз бар екен. Оның бастап, жасап жатқан істеріне халық өз бағасын беріп жатыр. Оның бар ісін тізбектемей, тек бір кездесуімді айтсам. Адамның ісіне – халық айна.

Былтыр Б.Сапарбаев мырза Премьердің орынбасары болып тұрған шақта, Шымкент қаласында біраз министірлермен келіп, үлкен жиын өткізген. Сол жиында мен сөз алып,  "Білім саласын (мектеп, балабақша т.б) әкімшіліктің құзіретінен алып, тікелей министірге бағынатын етіңіздер. Өйткені, кейбір туындаған мәселелерде министірдің құзреті әкімшілікке жүрмей жатады. Білім бөлімінің басшыларын тікелей әкім сайлағандықтан, сол жердің білім саласының қызметкерлері түгелдей әкімге бағынады. Содан келіп әкім әмірі берсе болды, мұғалімдер көше сыпырып, листовка таратып, санақ жүргізіп жүреді. Бір сала екі басшылыққа бағынған соң қай іс оңады" деп ұсыныс білдіргенмін.

Менен кейін сөз алған Ибрахим Әлсерке ағамыз оқушылардың миларын ашытпай, Әліппенің, Ана тілі оқулықтарының қайтарылуын талап еткен болатын.
Сол кезде Аймағанбетов мырза халықтың алдында уәде берген. Талаптарымызды зерттеп, нақтылап, айтылған үш ұсынысымызды орындауға уәде берген.
Содан бері бір жылға жақындады. Уәделері орындала бастады. Білім саласы жергілікті әкімшіліктің құзретінен алынатын болды.
Ана тілі мен Әліппе  қайтарылатын болды. Халықтың талабына сай жұмыс жасай бастады.

Айтарым...!
Азаматтардың барында қадірін білуді үйренсек. Министірдің соңына шырақ алып түскендер, бастаған жақсы бастамаларын соңына дейін жеткізуіне мүмкіндік беру керектігін қалайша түсінбейді? Өйткені, министірлік дәл қазір нағыз керекті бағытқа қарай жұмыс жасап жатыр емес пе?! Фактілерің болса жер жұтып кетпес, кейінде пайдалануға болады ғой? Ұлтыңның мүддесі жоғары тұратынын түсіне алар ма екен?

Әй қайдам....!
Қу пендешілік не істетпейді таяз ойлыларға?! Тіпті, ешқандай дипломы жоқ болса да, осы министр білім саласын он жыл басқарса да қарсы емеспін.
Өйткені, "тілдің" емес,  істің адамы екенін дәлелдеп жатыр.

Іскер азаматты ығыстыру кімдерге керек болды екен?

Төтенше жағдай  басталғалы жүйелі жұмыс жасай алған бірден-бір министірлік болды. "Жас баланың" ел алдында қадірінің артып, басқаларға үлгі бола бастағанынан шошыды ма біреулер?!
Олар мұншалықты қолдау боларын ойламаса керек. Ендігі ойламай істеген істеріне опық жеп те отырған болар.

Қазақ тек өлгеннен соң бағалауды емес, азаматтардың барында да бағалай алады екен!

Бүйте берсе Аймағанбетов қазақтын Фургалосы болмасына кім кепіл? Аяғы сондай қолдауға ұлассада таңқалмаймын.
Өйткені, ендігі жерде ұрпақтың тағдырына ешкімнің бей-жай қарағысы келмейді.

Халықтың қолдауын ескеріп, президентте дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын.

Рүстем Ашетаев, 

журналист

Пікірлер