Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен 17-21 шілде аралығында өткен РФ Қарулы Күштеріндегі жауынгерлік дайындықты кенеттен тексеру жаттығулары аяқталды, деп хабарлайды Ресейдің Қорғаныс министрлігі.
«Ресей Федерациясының Қарулы Күштері жауынгерлік әзірлікті кенеттен тексеру бойынша іс-шараларды аяқтады. Әскерлер мен техникалар 35 жаттығу полигондары мен учаскелерде, Қара теңіз және Каспий теңіздеріндегі 17 теңіз жаттығу алаңында түрлі деңгейдегі 50-ден астам жаттығуларға қатысты», - делінген хабарламада.
Оңтүстік әскери округтің әскерлері мен әскери басқару және бақылау органдарының бөлігі және Батыс әскери округінің әскерлері, әуе-десанттық күштер, сондай-ақ әскери-теңіз күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдері өздерінің тұрақты орындарына оралды. Қорғаныс министрлігі тексеру барысында штаб, құрамалар мен әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейде екеніне көз жеткізді.«Аяқ астынан өткен тексерудің басты мақсаты - әскери басқару және бақылау органдарының Ресей Федерациясының оңтүстік-батысында қауіп-қатер төндіретін террористік әрекеттерге әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілеттілігін бағалау, сондай-ақ әскерлердің Ресейдің оңтүстігінде алдағы стратегиялық командалық-штабтық жаттығуларға дайындық дәрежесін анықтау», - деп түсіндірді Қорғаныс министрлігі.
Тексеру нәтижелері Қарулы Күштердің ірі құрамалары мен әскери бөлімдерін «Кавказ-2020» стратегиялық командалық-штабтық жаттығуларына қатысуға жіберген кезде ескерілетін болады.
"Адырнаның" есептеуінше РФ Қарулы Күштерінің жауынгерлік дайындығын тексеруге барлығы 150 мың әскери қызметші, 400-ге жуық ұшақ, 26 мыңнан астам қару-жарақ, әскери және арнайы техника, 100-ден астам кемелер мен көмекші кемелер тартылды.