Коронавирус инфекциясын жеңеміз десек...

12138
Adyrna.kz Telegram

Кейбiреулер "мен КВИ жұққан соң ауырдым. Одан емделiп сауықтым. Ендi менде КВИ-ге антитела бар. Маған ендi КВИ жұқпайды. Мен маска тақпаймын, басқаларға менен жұқса жұға берсiн", деп айтады екен. Осындайларға айтарым: 45-50 күнге дейiн оқшаулан, маска тағып жүр. Басқалардың обалына қалма!

Есiңде болсын! Маска тақпасаң өз өмiрiңе де, басқалардың өмiрiне де қауiп төндiресiң! Сенде КВИ-дiң 1-2 штаммасына ғана антитела болуы мүмкiн. Дәл сен сияқты басқа бiреу саған да КВИ-дiң сенде антителасы жоқ басқа штаммасын (мутацияға ұшыраған басқа түрiн) жұқтыратын болса одан аман қалмайсың! Өйткенi КВИ-мен ауырып жазылғандардың өкпесi фиброздық өзгерiске ұшырайды. Өкпе тканi неше процент фиброзға ұшыраса, сонша процент өкпе тканi iстен шығады. Ал сау қалған жерiн коронавирустың мутацияланған жаңа түрi зақымдайтын болса, одан аман қалу мүмкiн емес! Коронавирустың ең жаманы бiр адамнан екiншi адамға тасымалданған сайын мутацияланған жаңа түрге айналып өзгерiп отырады. Сол себептi, бiреуге жұқтырсаң өзгерген түрi өзiңе қайта жұқпасына кiм кепiл! Оның үстiне, халқымыз жаппай ауырса, экономикамыз да құлдырайды, елдiң жағдайы нашарлайды. Сондықтан, осы КВ iндетiнен құтылу жолын қарастырайық!

Алдымызда әлi күз бар, қылышын сүйреткен қыс бар. Күн суытқан кезде тұмау, грипп эпидемиясына КВИ қосылса аман қалу екi талай. Егер бiз КВИ-дi жұқтырмау шараларын дұрыс қолдана бiлсек аман қаламыз, КВИ-дi жеңемiз!
Өздерiңiздi де, жақындарыңызды да, өзгенi де қорғауға белсендi түрде кiрiсiңiздер! Күш бiрлiкте! Баршаңызға амандық тiлеймiн!

Дауренбек Мырзашұлы Нысанов

Ph.D. докторы, м.ғ.к., дәрiгер-кардиолог

 

Пікірлер