Британ музейі туралы 7 дерек

21694
Adyrna.kz Telegram

Ең әйгілі музейлер туралы мақалалар сериясын жалғастырамыз.

Әлемдегі ірі музейлердің бірі —  Лондондағы Британ мұражайы. Мұнда көптеген мұражайлар, көрмелер, галереялар және басқа да мәдени нысандар шоғырланған. Мұражайдың негізі 1753 жылы қаланған.

Британ музейінің кітапханасында 7 млн-нан астам кітап, 105 мыңдай қолжазба бар.

Британ мұражайы Луврдан кейінгі әлемдегі екінші ірі экспонат. Жалпы ұзындығы 4 шақырымдық 94 галереядан тұрады. Мұражайдың коллекциясында 13 миллион экспонат бар.

Британ музейі туралы деректер.

1.Британ мұражайы жүз жылдан астам уақыт бойы салынды.

2.Музей қорында 8 миллионға жуық жәдігер бар. Аумағы 6 гектар. Мұнда әлемнің түкпір-түапірінен жиналған екі миллион жылдық тарихты қамтитын жәдігерлер коллекциясы жиналған. Мысалы, тиындар мен медальдар коллекциясы, көне египет туындылары, антикалық және орта ғасырлық шеберлерге тән шығармашылық жұмыстар, көркем өнер туындылары т.б. коллекциялар бар.

3.Британ музейі әр квартал сайын «British Museum Quarterlу» атты төл журналын шығарады.

4. Ұзақ жылдар бойы музейдің ең құнды жәдігерлері қатырында кітапханасы да бар болатын. Кітап қорының орасан зор болуына байланысты 1972 жылы кітапхананы музейден бөлуге тура келді.

5.Британ музейінде 6 мысық жұмыс істейді. Тіпті оларға 50 фунт стерлинг жалақы төленеді. Мысықтар музейге тышқан мен егеуқұйрықтан зиян келтірмес үшін қызмет етеді.

6. ІХ ғасырда жазылған ежелгі түрік халықтарының "Болжау кітібы" бар. Ол көне руна жазуымен жазылған. Оның жазылған уақыты ұйғыр қағанатының өмір сүрген тұсына сай келеді. Кітап көлемі 13,75 Х 8,75 см, жалпы 104 беттен тұрады. Кітап 1907 жылдан бастап осы музейде сақтаулы тұр.

7. "Қазақ мәсісі". Британ мұражайында 20-дан астам ислам әлеміне тиесілі көне етіктер бар. Олардың ішінде шетелдіктерді таң қалдыратын қазақ мәсісі бар. Мәсі 1900 жылы Балқаш көлі маңында жасалған. Ер кісілер мен әйелдерге арналған мәсі теріден жасалып, ою-өрнектермен безендірілген. Өрнектер табиғатты, қой, мысық секілді жануарларды суреттейді.

 

 

Дайындаған Гүлвира Асқар,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер