Шымкент қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті әлеуметтік желідегі бір реттік медициналық бетперделерге қатысты аудио жазбаны зерделеп, фейк екенін хабарлады.
"Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарды (бірреттік медициналық бетперделер) тек сапаның сәйкестік сертификаттары болған кезде ғана өткізуге жол берілетіндігін ескертеді. Шымкент қаласының дәріханалық ұйымдарында дәрілік заттармен қамтамасыз ету, босату және шекті бөлшек сауда бағаларын сақтау және бір реттік медициналық бетперделер сапасының сәйкестік сертификаттарының болуы бойынша мониторинг жүргізілуде. Мониторинг жүргізу барысында медициналық бірреттік бетперделерді сапа сәйкестік сертификатынсыз іске асыру фактілері бүгінгі күнге анықталмады.
Сонымен қатар, «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығынан, құзырлы мекемелерден қала тұрғындарынан медициналық бір реттік бетперделерден COVID-19 инфекциясының анықталғаны туралы өтініштер тіркелмеген.
Осы аталған мекемелерге аудио жазбаны өз тараптарынан іс-шаралар жүргізу үшін жолданған,"-делінеді хабарламада.
Шымкент