2020 жылы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді деп хабарлайды, «Адырна» ұлттық порталы.
Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында республика аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін ұзарту туралы өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бере алады.
Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган алты айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.
Оралман куәлігінің мерзімін ұзарту үшін қажетті құжаттар тізімі:
Оралман куәлігінің мерзімін ұзарту жөнінде шешім алғаннан кейін Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (3 айдың ішінде) алу үшін ҚР ІІМ Алматы қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасына осы шешіммен бірге қажетті құжаттарды тапсыру қажет.
Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) көші-қон жүйелері бөлімінің қызметкерлері, оралман мерзімін өткізіп алған этникалық қазақтарға құжат мәселесі бойынша көмек көрсетіп жатыр.
Осындай шараны қабылдау этникалық қазақтар арасында әлеуметтік шиеленісті шешіп қана қоймай, олардың Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.
Басқарманың мекен-жайы: Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 122 ғимарат, анықтама телефоны: 8 (727) 261-10-86.