Қызыл түсті сұйықтық шашқан ұшаққа түсініктеме берілді (видео)

12060
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде аспаннан қызыл түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың видеосы тарап, Маңғыстаудағы оқиға екені айтылған болатын. Осы видеоға қатысты Маңғыстау облысының әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна".

"Әлеуметтік желілерде тарап жатқан бейнежазба Маңғыстауда, жалпы Қазақстанда түсірілмеген. Еліміздің Қорғаныс министрлігіне хабарласып, сұрадық. Ведомство өкілдері қызыл түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың министрлікке тиісті емес екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл ұшақ Америка Құрама Штаттарына тиесілі. Әдетте Америкада өртті сөндіру үшін суға қызыл түсті бояу қосылады. Бұл су шашылған аумақты алыстан көру үшін жасалады екен", - делінден әкімдік таратқан ресми хабарламада.

Жалған ақпарат таратқандар үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада.

https://www.instagram.com/akimat_mangystau/?utm_source=ig_embed

 

Пікірлер