Бүгін Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды.
Қайғылы жағдайды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады. «Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық (...) Пневмония», - деді Ғ.Жүкел.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты.
«Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды», - деп жазды А. Баталов фейсбуктегі парақшасында.
Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне 2019 жылдың 23 мамырынан бастап келген.