«Кедергілерді жеңу» деректі фильмі XVI Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалінің конкурстық бағдарламасына енгізілді. Картинаның режиссері – Бану Рамазанова.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапысырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген деректің фильмнің желісі 1952 жылы Жамбыл маңындағы Луговой жылқы зауытында туған Совет заманындағы жылқы спортының аңызы болған «Абсент» ақалтекесі туралы және тәуелсіз Қазақстандағы конкурдың жағдайын баяндайды.
XVI Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалі биыл техникалық тәртіпте өтетіндіктен көрермендер үшін жабық болады. Мұндай шешімді фестивальдің құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шараларын қамтамасыз ету мақсатында қабылдады.
Айта кету керек, ұйымдастыру комитеті 63 елден 629 фильм тіркеді. Кинотанушы Сергей Анашкиннің төрағалығымен іріктеу комиссиясы 52 фильмнен тұратын қысқа тізімге конкурс жасалды. Қазақстандық фильм бақ сынайтын «Толықметражды деректі фильмдер» байқауында Үндістаннан, Тәжікстаннан, Германиядан, Швейцариядан, Ресейден және басқа елдерден 10 фильм ұсынылды.
Жеңімпаздардың тізімі қыркүйектің басында фестивальдің ресми сайтында жарияланады.
Естеріңізге сала кетсек, «Кедергілерді жеңу» деректі фильмінің фестиваль тарихы Түркияда басталды. 2020 жылдың мамыр айының соңында фильм Anatolia International Film Festival басты байқауына қатысты.
Ағымдағы жылдың тамыз айында аталмыш фильм тағы екі фестивальда бақ сынайды. 1-7 тамыз аралығында Грецияда өтетін 7-ші Иераптера Халықаралық деректі фильмдер фестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына және 23-30 тамыз аралығында Docs Without Borders Film Festival кинофестивалінің негізігі конкурсына қатысады.
"Адырна" ұлттық порталы