Аз адам болса да аурудың белең алуына байланысты, Қытай шамамен 400 000 адамды Бейжіңге жақын жердегі Хебей тұрғындарын оқшаулады.
Шектеулер Қытай астанасына жақын орналасқан Хебей провинциясының Анцин уезінде күшіне енді.
Өткен жылдың аяғында Қытайда пандемия пайда болғаннан кейін, Қытай елі жаңа инфекцияларды елде тұрақты төмен деңгейде ұстап тұра алды.
Екінші толқынды болдырмау үшін, тіпті кішігірім пайда болғандарын да елдің денсаулық сақтау органдары өте қатаң назарға алып отыр.
Хебейде не болып жатыр?
Шенеуніктер жексенбі күні Анцинді «толықтай қоршап, бақылауға алатынын» мәлімдеді.
Тек жұмысшыларға үйлерінен шығуға рұқсат етіледі, ал үй шаруашылығының бір мүшесіне күніне бір рет қана қажетті заттар алуға дүкенге шығуға рұқсат етіледі.
Тұрғылықты емес тұрғындарға (бөтен мадамдарға) ғимараттарға, қауымдастықтарға немесе ауылдарға кіруге тыйым салынады. Билік талап ережені бұзған кез келген адамды полиция жазалайтынын ескертті.
Анцин Бейжің қаласының оңтүстігінде 150 км (90 миль) қашықтықта орналасқан.
Қытай ақпарат құралдары екі апта бұрын Пекиндегі соңғы толқулар басталғалы округте 18 оқиға болғанын айтады.
Аудан Қытайдың ірі қалаларындай тығыз қоныстанған емес, сондықтан жергілікті денсаулық сақтау мамандары олардың таралуын тоқтатуға болады деген оптимистік пікірде.
"Би-Би-Си" сайтынан аударған Нағима Базарқызы,
"Адырна" ұлттық порталы