«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі конференцияға материал қабылдайды

5488
Adyrna.kz Telegram

Жезқазған қаласы «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі 2020 жылдың қыркүйек айының 4 күні  «ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ , САЯСИ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Мақсаты: Ұлы Дала төсінде құрылып, қалыптасқан мемлекеттер мен ел басқару жүйесінің таихи маңызын зерттеу және ғылыми айналымға шығару.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

1.Қазақ жері үш ұлыстың орталығы: Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының мемлекеттік қалыптасу тарихнамасы;

2. Алтын Орда, Ақ Орда және Қазақ хандығының мемлекет ретінде қалыптасу тарихы;

3.Ұлытау жеріндегі Бағаналы елінің «Төрт босаға»  басқару жүйесі;

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс тілдерінде.

Конференцияға байланысты барлық шығындарды (жолақы, қонақ үй, тамақтану) жіберуші тарап төлейді.

Конференцияның жұмысына қатынасу үшін 2020 жылдың 10 тамызына дейін Ұйымдастыру комитетіне баяндаманы (мақаланы) төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

- ұсынылған нысан бойынша қатысуға өтініш;

- талапқа сәйкес рәсімделген мақалалар, баяндамалар;

Конференцияны өткізу орны:

Жезқазған қаласы,Серке Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрының ғимараты

Электрондық мекен-жайы (е-mail): kabdol.auezov.78@mail.ru

Анықтама телефоны: 8 (7102) 737753 Жауапты: Әуезов Қабдол Жанділдәұлы. ұ.т.: 87774866912

                                                                                           ҮЛГІ

 

Конференцияға қатысуға өтініш

 

  1. Т.А.Ә. _______________________________________________________
  2. Мекеме аты __________________________________________________
  3. Баяндаманың атауы /мақала/ ____________________________________
  4. Секция (номер, атауы) _________________________________________
  5. Байланыс телефон, e-mail ______________________________________
  6. Почта адресі (индекс) __________________________________________

Қолы                                       Күні

 

БАЯНДАМАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 Тезис мәтіні, көлемі А4 (210х297 мм) форматындағы 5-7 толық беттен аспайтын, қол қойылған суреттерді қоса алғанда (мысалы: сурет. 1. Абай жас кезінде. 1995 ж. авторы Ә.. Қастеев) және кестелер, MicrosoftWord мәтіндік редакторында терілуі тиіс (құжаттың кеңеюі: .Doc) шрифтпен TimesNewRoman (KZTimesNewRoman, Times/Kaz және т. б.), өлшемі 14, интервал - дара, өрістері: 2,5 см. барлық жағынан, азат жол шегінісі – 0,8 см.

Дереккөздерге сілтемелер тік жақшада беріледі [1, 24 б.], сілтемелердің нөмірленуі тұтас мәтін бойынша. Толық библиографиялық тізім мәтіннің соңында бір интервалдан кейін келтіріледі.

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Ажигали С.Е. Традиционная система скотоводческого поселения казахов (в историческом развитии) // в сб. «Этнографо-археологические комплексы: проблемы культуры и социума». – Новосибирск, «Наука», 2002. – С. 3-146.
  2. Шнэ В. Зимовка и другие постоянные сооружения кочевников Акмолинской области // Записки ЗСОРГО. 1894. Кн. 17. Вып. 2. – С. 21 – 44.
  3. Казахи (историко-этнографическое исследование). Алматы, «Казахстан», 1995. – 352 с.

 

 Өтінімді, баяндаманы және құжаттардың көшірмесін жеке файлдармен электронды нұсқада ұсынады. Файлдардың атауында бірінші автордың аты-жөні, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың атауы көрсетіледі, мысалы: Алимова Музей... өтінім, Алимова Музей... тезистер.

Мәтін редакциялауға жатпайды және түпнұсқа болып табылады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Сондықтан  жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып, материалдарды мұқият редакцияланған түрде ұсыну қажет.

Ғылыми-теориалық конференцияның баяндамалары мен мақалалары жинақ болып шығады.

Талаптар сақталмағанда жағдайда немесе белгіленген мерзімнен кеш ұсынылса, сондай-ақ ғылыми қызығушылық білдірмейтін баяндамалардың тезистері  қабылданбайды және кері қайтарылмайды.

Пікірлер