Қ.Тоқаев: Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты көмек береді

3522
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға мемлекеттің жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті.

"Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", - деді твиттер парақшасында.

 

Қазақстанда маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні болып бекітілген. Ақ халаттыларды бас дәрігер Елжан Біртанов та құттықтады.

«Қазақстандық дәрігерлердің осындай қиын уақытта басымызға түскен ауыртпалықты жеңе алатынына сенімдімін. Мен бұған қазір әріптестерімнің қолында емделіп жатып тағы көз жеткіздім - олар өз ісінің кәсіби шебері. Баршаңызға мың алғыс!», - деді Е. Біртанов.

Еске сала кетсек, бүгінге дейін  елімізде 17 225 адам коронавируспен ауырған. Олардың 10 719-ы жазылып шықты. Өкінішке қарай 118 адам осы дерттен қайтыс болды.

Ал COVID-19 вирусын жұқтырған дәрігерлер саны – 1 904. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ләззат Ақтаеваның  ақпараты бойынша,  олардың 30 пайызы ғана вирусты жұмыс барысында жұқтырған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер