Теңіз кенішіндегі короновирус жұқтырғандар саны 963 адамға жетті

2965
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырушылар 14-ке артып, барлығы   963 адамға жетті.

«Барлық 14 адам мердігер компаниялардың қызметкерлері. Олардан індет байланыста болғандар ретінде скрининг жасалған соң анықталған», – деп хабарлады Атырау облысы әкімдігі.

Инфекцияға шалдыққандардың 256-сы сауығып, ауруханадан шығарылған. Атырау облысындағы 2 маусым күнгі статистика бойынша 1 119 адам COVID-19 жұқтырған. Олардың 333 айығып, стационардан шығарылды.

Бұған дейін «Теңізшевройл» ЖШС нысандарында оқшаулау шаралары 12 маусымға дейін ұзартылғаны хабарланған. Сонымен қатар компанияның 18,5 мың қызметкері өндіріс орынан шығарылған.

Атырау облысы

Пікірлер