«Бас терісін жұлып алған»: Атырауда 8 жасар баланы ит талап тастады

3633
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Атырауда ит шабуылының салдарынан сегіз жасар бала жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы да растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Атырауда 8 жасар балаға ит шабуыл жасады, ол жансақтау бөлімінде. Бас және аяқ терісі жұлынған, травматикалық шок жағдайындағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Оқиға 15 ақпанда сағат 19.00-де болды.

"2015 жылы туған бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Операция жасалды. Жағдайы тұрақты. Куәгерлердің айтуынша, балаға ит шабуыл жасаған. Тиісті органдар тексеруді бастады", - деп хабарлады Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Пікірлер