Ұлттық (ҰБТ) тестілеу кезінде ата-аналарға онлайн трансляция жасалады. Сондықтан да тестілеу аймақтарында бөтен адамның күтіп тұруына тиым салынады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында хабарлады.
"Тест тапсыратын аймақта тәртіп сақталады. Арақашықтық кемінде екі метр болуы тиіс. 161 ҰБТ тапсыру орнында 1200-ге жуық аудитория дайындалады", - деді Асхат Аймағамбетов
Айта кетейік, биылғы ҰБТ форматы өзгермеген. Үш міндетті және екі бейінді пән бойынша сынақ алынады. Тест тапсырмаларының саны - 120, ең жоғары балл - 140.
"Адырна" ұлттық порталы